
Өмірбаян
Құрмангазы Ербол Құрманғазыұлы 1988 жылы 17 мамырда Семей облысы, Ақсуат ауданы , Құмкөл ауылында дүниеге келді. 2008 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің колледжін қаржы мамандығы, 2011 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін Қаржы бакалавры мамандығын бітірген.
20.12.2008-01.05.2009 жылдары жүк тасымалдаушы "Айтас" ЖШС ШҚО Семей қаласында, 04.05.2009-05.01.2010 жылдары Жастар іс тәжірибесі Тарбағатай аудананының қаржы бөлімі, 17.06.2010-20.12.2017 жылдары нұсқаушы, Тарбағатай ауданының қаржы бөлімі, 20.12.2017-15.09.2022 жылдары бюджеттік жоспарлау және орындалу секторының бас маманы, Тарбағатай ауданының экономика және қаржы бөлімі, 16.09.2022-09.12.2023 жылдары "К.Кенжегали" ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы.
2023 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Абай облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылының әкімі болып тағайындалды.





