2010-2014 жылдары аралығында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЭҚСКД (қаржы полициясы) инспекторы, аға инспекторы, ұйымдастыру-бақылау басқармасының АМІ жөніндегі аға инспекторы, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2014-2017 жылдары МҚІжСЖҚА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру бөлімінің басшысы, Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы, МҚІжСЖҚА Жұртшылықпен байланыс орнату департаментінің бас консультанты.

2018 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында МҚІжСЖҚА Жұртшылықпен байланыс орнату департаменті директорының орынбасары – Ресми өкіл қызметін атқарды.

2018 - 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.