
Серікқалиев Ерұлан Рамазанұлы
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Ерұлан Рамазанұлы Серікқалиев – Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 мамырындағы бұйрығымен Атырау облысы бойынша департамент басшысының у.м.а. болып тағайындалды.
Ерұлан Рамазанұлы 1978 жылы ШҚО Абай ауданы Қараұлы ауылында дүниеге келген.
Білімі-жоғары, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген.
Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, құқықтану.
Еңбек жолын 2001 жылы бастаған және қаржы полициясы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарында түрлі басшылық лауазымдарда болған.
Соңғы қызмет орны-Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Арнайы департаментінің басшысы.

