Биғали Нариман Хамидоллаұлы

    Басқарма басшысы

    Биғали Нариман Хамидоллаұлы
    Басқарма басшысы

    Биғали Нариман Хамидоллаұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    Нариман Хамидоллаұлы жоғары білімді. Ол Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Құқық» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын жасау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2011 жылы бастаған.

    Әр жылдары Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Каспий өңіраралық көлік инспекциясында бас маман, «Нуркапстройгаз» ЖШС директоры, Атырау облысы құрылыс басқармасының құрылыс бөлімінде бас маман қызметтерін атқарған.

    Сондай-ақ Индер аудандық құрылыс бөлімінің басшысы, Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

    2026 жылғы маусым айынан бастап Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарады.

    Бүгінде Нариман Хамидоллаұлы Биғали Атырау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері