
Абуов Рафик Жомартұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Әбуов Рафик Жомартұлы 1982 жылғы 5 қыркүйекте Атырау облысы Индер ауданының Жарсуат ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылы «Минтер-Трейд» ЖШС Атырау филиалында сауда өкілі болып бастады. 2004–2006 жылдары «Нефтестройсервис» ЖШС-де орман монтаждаушысы қызметін атқарды.
2006 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. Еңбек жолын Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы міндетін атқарушысы ретінде бастап, кейін бас маман қызметіне тағайындалды.
2006–2011 жылдары аталған басқармада ақпараттық талдау, әлеуметтік сала, бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, мемлекеттік басқару, құқық, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағыттарына жетекшілік ететін бөлімдерде бас маман, бөлім басшысы және бөлім бастығы лауазымдарын атқарды.
2011–2013 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат бөлімінің бастығы болды.
2013–2014 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2014–2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалында ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің консультанты болды.
2015 жылы Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына қайта оралып, экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2015–2023 жылдары Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болды.
2023–2025 жылдары Атырау облысы Экономика және қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2025 жылғы 31 қаңтардан бастап Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келеді.

