
Аметов Илхам Бахтибаевич
ҚР АШМ министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы
Өмірбаян
1994 жылғы 9 мамырда туған.
2012 жылы Қапланбек гуманитарлық-агроэкономикалық колледжін «Ветеринария-санитария» мамандығы бойынша бітіріп, ветеринариялық фельдшер-инспектор біліктілігін алған.
2015 жылы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін «Ветеринариялық медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2018 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2024–2025 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Бизнес және басқару» магистратура бағдарламасы бойынша білім алған.
Жапонияда «Ауылдық аумақтарды дамыту» тақырыбы бойынша, сондай-ақ Бельгиядағы Vrije Universiteit Brussel жанындағы Брюссель дипломатиялық академиясының дипломатия бағдарламасы бойынша халықаралық тағылымдамалардан өткен.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Орталық мемлекеттік органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі» республикалық конкурсында I орын иеленген.
Еңбек жолын 2012 жылы жекеменшік секторда ветеринария саласында бастаған.
2016–2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарын атқарып, ветеринариялық инспекция және тәуекелдерді талдау, сондай-ақ биологиялық қауіпсіздік және тасымалданатын объектілерді бақылау басқармаларында жұмыс істеген.
2021–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, облыстық, қалалық және аудандық аумақтық инспекциялардың әдеп жөніндегі уәкілі.
2022 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының міндетін атқарған.
2022 жылғы 5 қазаннан 2026 жылғы 15 ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымын атқарған.
2026 жылғы 16 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ұлытау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып тағайындалды.





