
Челекенов Кадес Ашокович
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облысының аумақтық инспекциясының басшысы
Өмірбаян
1964 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Катон-Қарағай ауданы Берел ауылында дүниеге келген.
1989 жылы Семей зоотехникалық мал дәрігерлік институтын «Ветеринария» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1989 жылы Катон-Қарағай марал совхозының № 2 бөлімшесінің мал дәрігері болып бастады.
1991 жылы осы бөлімшенің басқарушысы болып тағайындалды.
1992 жылдан 1993 жылға дейін Катон-Қарағай марал совхозының № 2 бөлімшесінің зоотехнигі қызметін атқарады.
1993 жылдан 1999 жылға дейін «Маралды» ауыл шаруашылық өнеркәсібінің қой шаруашылығы бойынша бригадирі қызметінде болды.
1999 жылы Өскемен қалалық Ветеринариялық қадағалау бөлімінің ветеринариялық-санитарлық сарапшысы қызметіне тағайындалды.
2000 жылдан 2003 жылға дейін «Шығыс-Таңы» базары зертханасының меңгерушісі қызметін атқарды.
2003 жылы «Шығыс-Ветсервис» ЖШС басқарды.
2005 жылдан 2006 жылға дейін ҚР АШМ Өскемен қалалық аумақтық басқармасының бас маманы қызметінде болды.
2006 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының бөлім бастығы қызметіне тағайындалды.
2010 жылы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының бастығы қызметінде жұмыс істеді.
2012 жылы ҚР АШМ құрылмы өзгеруіне байланысты, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының басшысы болып қайта тағайындалды.
2016 жылдан 2020 жылға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының басшысы қызметінде жұмыс істеді.
2020 жылдың аяғында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметіне тағайындалды.
2021 жылдың мамыр айында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің басшыс орынбасары лауазымына тағайындалды.
2021 жылдың тамыз айында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Өскемен қалалық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметіне тағайындалды.
2025 жылдың 16 қазанында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Абай облысы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.





