Абызбаев Бауыржан Кемербайұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы

    Абызбаев Бауыржан Кемербайұлы
    Руководитель Инспекции

    Абызбаев Бауыржан Кемербайұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы 9 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық аграрлық университетін Мал дәрігері (2005) және Заңгер (2011) мамандықтары бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Алматы қаласы бойынша аумақтық басқармасының Алмалы ауданы мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы болып бастады.

    2011 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Құқықтану мамандығы бойынша бакалавриатты бітірді.

    2015-2019 жылдары Алматы қаласы бойынша Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2019 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ветеринариялық шараларды ұйымдастыру және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді.

    2019 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

    2020-2022 жылдары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2022 жылы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

    2022 жылдың соңынан бастап 2024 жылдың 17 маусымына дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы болып жұмыс істеді.

    2024 жылдың 18 маусымынан бастап Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері