
Маркина Наталья Анатольевна
Автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Маркина Наталья Анатольевна 1972 жылғы 23 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Железнов ауылында дүниеге келген.
2005 жыл - Қазақ-орыс халықаралық университеті
2016 жыл - Саратов мемлекеттік заң академиясы
ЕҢБЕК ЖОЛЫ | ||
Күні |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері | |
қабылданған |
босатылған | |
18.10.1994 |
01.09.1997 |
№7 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Орал қаласы |
01.09.1999 |
30.09.2006 |
№6 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім, Орал қаласы |
02.10.2006 |
14.12.2009 |
"Темір жол-сервис" МКК заңгер кеңесші, Орал қаласы |
20.12.2009 |
29.01.2010 |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас маман-заңгер міндетін атқарушы, Орал қаласы |
29.01.2010 |
26.04.2012 |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бас маман-заңгер, Орал қаласы |
26.04.2012 |
04.11.2013 |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік-қаржы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман-заңгері, Орал қаласы |
05.11.2013 |
10.09.2021 |
"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалы құқықтық, экономикалық жұмыс және мониторинг бөлімінің бастығы, Орал қаласы |
10.09.2021 |
02.12.2021 |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
03.12.2021 |
02.01.2024 |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
03.01.2024 |
қазіргі кезге дейін |
Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы, Орал қаласы |
«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы«Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығыавтомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімі басшысының лауазымдық нұсқаулығы
1.Жалпы ережелер
1.Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) автомобиль жолдарын жөндеу, салу және қайта жаңғырту бөлімі басшысының бағыныстылығын, міндеттерін, құқығын, жауапкершілігін анықтау үшін әзірленді.
2.Басқарманың автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы (одан әрі - Бөлім басшысы) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын), Қазақстан Республикасының осы санаттағы мемлекеттік лауазымды тиісті мамандандыруға қатысты саладағы қарым-қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін және осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
3.Бөлім басшысы басқарма басшысының бұйрығымен қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
4.Бөлім басшысы басқарма басшысына, оның орынбасарларына бағынады және олардан бұйрық, жұмыс тапсырмаларын алады.
5.Бөлім басшысы қажет болғанда басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарады.
6.Бөлім басшысы уақытша жұмыста болмағанда, оның міндетін өзі жетекшілік ететін бөлімнің бас маманы атқара алады.
7.Бөлім басшысына автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің бас мамандары бағынады.
- Бөлімі басшысының құқығы
1.Республиканың азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен кепiлдiк берiлетiн құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға.
2.Өз өкiлеттiгi шегiнде мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiмдер қабылдауға қатысуға, тиiстi органдар мен лауазымды адамдардың оларды орындауын талап етуге.
3.Белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi ақпарат пен материалдар алуға.
4.Лауазымдық мiндеттердi атқару үшiн белгiленген тәртiппен меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдарда болуға.
5.Басшыдан мемлекеттiк қызметшiнiң атқаратын лауазымына сәйкес қызметтiк өкiлеттiк мiндеттерi мен көлемiн дәл белгiлеудi талап етуге.
6.Жеке басының қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне, басшылар, өзге де лауазымды адамдар және азаматтар тарапынан өзiне әдiл және құрметпен көзқарас жасалуына.
7.Өзi атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжiрибесiне және осы Заңда белгiленген өзге де негiздерге қарай ынталандырылуына және еңбегiне ақы төленуiне;
8.Тиiстi бюджет қаражаты есебiнен қайта даярлануға (қайта мамандануға) және бiлiктiлiгiн арттыруға.
9.Өзiнiң мемлекеттiк қызмет өткеруiне қатысты материалдармен кедергiсiз танысуға, қажет болған жағдайларда жеке түсiнiктеме беруге.
10.Бiлiктiлiгi мен қабілетi, өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріле отырып, қызметi бойынша жоғарылауға.
11.Қызметшiнiң пiкiрiнше негiзсiз айып тағылған жағдайда қызметтiк тексеру жүргiзiлуiн талап етуге.
12.Еңбегiнiң қорғалуына, денсаулығының сақталуына, қауiпсiз және жоғары өнiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажеттi еңбек жағдайына.
13.Әлеуметтiк және құқықтық қорғалуға.
14.Мемлекеттiк қызметтен өз қалауы бойынша босауға.
15.Зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандырылуға.
16.Жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттiк қызметтi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге құқылы.
17.Бөлімнің жұмысын тиімді ұйымдастыруға.
18.Бөлімдегі әрбір маманның жұмысын жоспарлауға.
19.Бөлімнің қызметкерлерін марапаттау және оларға тәртіптік жаза қолдану жөнінде ұсыныстар енгізуге.
20.Бағыныштыларына қатысты өкім жүргізуге және оның атқарылуын бақылауға құқылы.
- Бөлім басшысының міндеттері
- Ережеге, бөлім ережесіне, әрекет етуші нұсқаулыққа және нормативтік актіге сәйкес бөлім басшысына бекітілген функционалдық міндеттерді орындауды қамтамасыз ету.
2.Бекітілген республикалық және өңірлік бағдарламаларға сәйкес облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлауды ұйымдастыру, басшылыққа тиісті аналитикалық есептерді, ақпараттарды, презентацияларды және басқа да материалдарды дайындау.
3.Жол-құрылыс мәселелері бойынша қазіргі әрекет ететін заңнамалардың және облыс әкімінің шешімдерін іске асыруды қамтамасыз ету.
4.Автожолдарды салу, қайта жаңғырту, күрделі, орташа жөндеу жұмыстарын жоспарлау және мемлекеттік сатып алу конкурстарына қажетті материалдар дайындау.
5.Мердігерлермен жасалған шарт міндеттемелерінің сапалы орындалуын бақылау, сметаларды тексеру, айыппұл салу.
6.Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманың әзірленуін жоспарлауды және бақылауды ұйымдастыру, жасақтау үшін тапсырмалар беру, қажет болған жағдайда мемлекеттік органдардан келісімдер алу.
7.Жасалған мердігерлік келісімдер көлемінде мердігерлерге уақытылы төленген және орындалған жұмыстардың есебін ұйымдастыруға қатысу.
8.Бағалардың, материалдарға белгіленген (келісілген) бағалардың дұрыс қолданылуын, сондай-ақ бекітілген нысандар бойынша қаржыландыру кестесінің сақталуын бақылау.
9.Аудандық маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекендердің көшелері жобаларын қаржыландыруды ұйымдастыру (іске асыру және бюджеттік өтінімге енгізу үшін жобаларды іріктеуді қамтамасыз ету).
10.Техникалық кеңес жұмысын ұйымдастыру.
11.Қажет болған жағдайда бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқарма қызметін тексеруге (аудиторлық іс-шараларға) қатысу.
12.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша соттарға қажетті құжаттарды(талаптар/өтініштер, қарау/қарсылықтар, апелляциялық/кассациялық шағымдар және т.б.) дайындау.
13.Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді қарау кезінде сотта белгіленген тәртіппен Басқарманың мүддесін білдіру.
14.Белгiленген тәртiппен өз қызметi туралы есептiк және жедел ақпарат беру, белгiленген есептiк нысандар бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын дамытуды жоспарлауға талдау жүргiзу.
15.Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштерге жауаптар дайындау жұмысын ұйымдастыру, бөлімге келіп түскен құжаттардың орындалу мерзімдерін қадағалау.
16.Бөлім мамандарының орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын қадағалау.
17.Басқарма басшысы мен оның тиісті орынбасарының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.
18.Басқарма жұмысы бойынша облыс әкімінің қаулыларының, шешімдерінің жобаларын, талдамалық есептерді, талдауларды дайындауды бақылау.
19.Бөлімде бекітілген істер номенклатурасына сәйкес іс қағаздарын жүргізу, бөлімде іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуін қадағалау.
20.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлық стандарттарын сақтау.
21.Еңбек тәртібін сақтау.
22.Әкімшілік рәсімдерді сақтау.
23.ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды сақтау.
- Бөлім басшысының жауапкершілігі
Автомобиль жолдарын жоспарлау және дамыту бөлімінің басшысы мыналар үшін дербес жауап береді:
1.қойылған міндеттер мен өзіне жүктелген өкілеттіктерді орындау және ұйымдастыру;
2.мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп кодексі нормаларын сақтау;
3.Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде болуымен байланысты шектеулерді сақтау.
4.уақтылы, сапалы және тиісті дәрежеде орындамағаны және/немесе әртүрлі заңдық жауапкершілікке әкеліп соғатын бұзушылықтар.

