
Тұқтыбаева Әсел Қайдарқызы
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық есептілік құрастыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Әсел Қайдарқызы Тұқтыбаева 1981 жылғы 05 қарашада Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Павлодар қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Павлодар облысы, Екібастұз ауданының Шідерті жалпы білім беру мектебін бітірді.
2000 жылы Алматы экономика және статистика академиясына түсіп, 2003 жылы «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы бастады.
- 2002-2005 жылдары – «Павлодар қаласының білім беру басқармасы» ММ, орталықтандырылған бухгалтерияның жетекші бухгалтері;
- 2005-2007 жылдары – «Павлодар қаласының білім беру және спорт бөлімі» ММ, орталықтандырылған бухгалтерияның бас бухгалтердің орынбасары;
- 2007-2011 жылдары – «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ, әкімшілік-қаржы бөлімінің бастығы – бас бухгалтер;
- 2011-2019 жылдары – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ, бухгалтерлік есеп және бюджеттің атқарылуы бойынша есептілік бөлімінің басшысы;
- 2019- қазіргі уақытқа дейін – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ, жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы жиынтық есептілік құрастыру бөлімінің басшысы.





