
Әбілтаева Жанна Мұратқызы
«Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ мемелекеттің қатысатын заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімі бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жанна Мұратқызы Әбілтаева 1975 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Краснокутск кентінде дүниеге келген.
1993 жылы Ақсу қаласының № 1 орта мектебін бітірді.
1993 жылы Павлодар мемлекеттік университетіне түсіп, 1998 жылы «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген, 2005 жылы Алматы Экономика және статистика академиясына түсіп, 2007 жылы «Есеп және аудит бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1998 жылы бастады.
- 1998-1999 жылдары – «Ақсу қаласы әкімдігінің құрылыс, коммуналдық шаруашылық және өндірістік сала бөлімі» ММ бас маманы
- 1999-2004 жылдары – «Ақсу қаласының құрылыс, коммуналдық шаруашылық және өндірістік сала басқармасы» ММ, бюджеттік бөлімінің бас маманы
- 2004-2005 жылдары – «Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ, бөлімнің бас маманы
- 2005-2007 жылдары – Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ, бөлім меңгерушісі, Ақсу қаласы
- 2007-2008 жылдары – «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ, қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы, Павлодар қаласы
-2008-2018 жылдары – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ, әлеуметтік сала мен мемлекеттік органдарды мониторингілеу және қаржыландыру бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы.
-2018-қазіргі уақытқа дейін – «Павлодар облысының қаржы басқармасы» ММ, мониторинг және заңды тұлғаларды басқару бөлімінің басшысы, Павлодар қаласы.





