
Жаңабаев Мақсат Қайратұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Туризмді, сауданы және қызмет көрсету саласын дамыту мәселелері бойынша жеке жауапты болады. Оның ішінде: туристік қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру, стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік қызметтердің уақтылы көрсетілуін бақылау, МЖС жобаларына қатысу, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша іс-шаралар жүргізеді, ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
Еңбек жолын 2014 жылы Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімінің бухгалтерлік есеп және есептілік секторының бас маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бас сарапшысы, ҚР АШМ департаментінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту басқармасының басшысы, ҚР АШМ халықаралық ынтымақтастық және инвестициялар тарту департаменті басшысының орынбасары, сондай - ақ Астана қаласы әкімі аппаратында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
Бүгінгі таңда Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.


