Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы

    Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, Махамбет ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл

    Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы
    Руководитель аппарата

    Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы

    Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, Махамбет ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл

    Өмірбаян

    Мұқанғалиев Алшынбек Жандарбекұлы – 1996 жылы 13 қыркүйекте дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 2017 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін “мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы” мамандығы бакалаврын, 2019 жылы “ветеринариялық санитария” мамандығы магистрін бітірген. Отбасылы.

    Еңбек жолын 2017 жылы 1 шілдеде Махамбет ауданында “Айсұлтан” шаруа қожалығында зоотехник-селекционер болып бастаған.

    29.12.2017 – 14.06.2019 жылдары “Айсұлтан” шаруа қожалығында директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінде оқытушы;

    2019 – 2022 жылдары ҚР АШМ ВБҚК Атырау облыстық аумақтық инспекциясының “тамақ өнімдері және орны ауыстырылатын объектілер қауіпсіздігі орны” бөлімінің бас маманы, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының “мал шаруашылығы” бөлімінің маманы, “ветеринариялық мониторинг және есептілік” бөлімінің бас маманы, “Құлагер” шаруа қожалығының шаруашылық жөніндегі басшысы;

    2022 – 2025 жылдары Махамбет ауданы әкімінің кеңесшісі, Махамбет ауылдық округі әкімінің орынбасары, тағайындалғанға дейін Махамбет ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы қызметін атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері