Шымырбай Ербол Маратұлы

    Жылыой ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлім басшысы

    Шымырбай Ербол Маратұлы
    Руководитель отдела

    Шымырбай Ербол Маратұлы

    Жылыой ауданы әкімі аппаратының Жалпы бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Жылыой ауданы әкімінің 2023 жылдың 3 сәуіріндегі №16-к өкімімен ШЫМЫРБАЙ ЕРБОЛ МАРАТҰЛЫ Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    Шымырбай Ербол Маратұлы 1993 жылы 1 наурызда Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында дүниеге келген. Ұлты қазақ. Білімі жоғары.

    2015 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін физика мамандығы бойынша;
    2019 жылы Қазақстан инновациялық және коммуникациялық жүйелер университетін құқықтану мамандығы бойынша оқуды аяқтаған.

    Еңбек жолы:
    2014-2015 жылдары «Қуан» ЖШС-де жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджер болып жұмыс жасаған.

    2015-2018 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясы Жылыой аудандық филиалында кеңесші лауазымын атқарған.

    2019-2020 жылдар аралығында Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарған.

    2020-2022 жылдары Жылыой ауданы әкімінің кеңесшісі болған.

    2022 жылдың қазан айынан бері Жылыой ауданы мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы лауазымын атқарып келді.

    Жылыой ауданы әкімі аппараты жанындағы конкурстық комиссияның «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға жалпы конкурстардың қорытындысы бойынша 2023 жылдың 3 сәуірінен бастап аудан әкімінің №16-к өкімімен Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері