
Өмірбаян
Мұсағалиев Шоқан Рахимұлы 08.06.1972 жылы Орал облысы Чапаев ауданы Бударин ауылында дүниеге келген. Білімім жоғары. 1989-1994 жылдары Орал ауылшаруашылық техникумын «зооветтехник ұйымдастырушы» мамандығы бойынша бітірген. 1998-2003 жылдары Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «қазақ тілі мен әдебиеті пәні» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Орал облысы Чапаев ауданы Бударин мектебі жанындағы пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.
1990-1992 жылдары Кеңес әскері Қарулы күштері қатарында болдым.
1994-1995 жылдары Тасқала ауданы В.И.Ленин атындағы совхоздың «Жұлдыз» ұжымшарында веттехник.
1995 жылдары В.И.Ленин атындағы совхоздың «Бірлік» ұжымшарында зооветтехник.
1996-2013 жылдары Бударин орта мектебінде әскери жетекші-ұйымдастырушы маманы.
2013-2017 жылдары Ақжайық ауданы Бударин мектеп мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
2017 - 2021 жылдары Ақжайық ауданы Бударин ауылдық округі әкімі.
2021 жылдың 29 шілдесінен бастап Бударин ауылдық округі әкімі лауазымына қайта тағайындалды.



