
Садықов Нұрлан Нұрлан Құрманұлы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
Өмірбаян
Алматы облысы Талдықорған қаласының тумасы, 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін тәмамдаған.
2000-2001 жылдары ҚР ҰҚК ШҚ мерзімді әскери қызметі
2002-2013 жылдары Алматы облысы бойынша ішкі істер департаментінде тергеуші лауазымдарында жұмыс істеді, сондай-ақ тергеу бөлімшелерін басқарды.
2013 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (Қаржы полициясы) ақпараттық-талдау департаментінде жұмыс істеді.
2014-2017 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің жедел-іздестіру қызметі департаментінде қызмет атқарды.
2017 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) орталық аппаратының тергеу департаментінде, Астана қаласы бойынша Департаментте және Ақтөбе облысы бойынша Департаментте басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2022 жылдан 2024 жылдың мамыр айына дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
2024 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.

