
Шакенов Денис Владимирович
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Туған күні: 15.11.1977
Туған жері: ҚазССР; Қарағанды қаласы
Білімі, мамандығы: 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебін "заңгер" мамандығы бойынша, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін "қаржы" мамандығы бойынша бітірген
Қарағанды Октябрь АІІБ Киров полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі (1998);
Қаржы полициясы Агенттігінің тергеу департаментінің, сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және алдын алу департаментінің бастығы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментте басшылық лауазымдарды атқарды (1999-2014);
Павлодар облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы (04.2014-11.2014);
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (12.2014-12.01.2016);
Павлодар облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Департамент басшысы (12.01.2016-08.2018);
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы (08.2018-22.07.2019);
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы (22.07.2019-04.2022);
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (14.04.2022 бастап)

