Ораз Асылан Саматович

    Басқарма басшысы

    Ораз Асылан Саматович
    Руководитель управления

    Ораз Асылан Саматович

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1983 жылы туған.

    2004 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "мемлекеттік және муниципалдық басқару" мамандығы бойынша оқыған, 2005 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің магистратурасын бітіріп, "Мемлекеттік басқару магистрі" дәрежесін алды, 2016 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының "саясаттану, әлеуметтік білім" бағыты бойынша білім алған.

    Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебінде (Дьюк Университеті, АҚШ), Ли Куан Ю мемлекеттік саясат мектебінде (Сингапур), Каунас технологиялық университетінде (Литва) тағылымдамадан өткен.

    Еңбек жолын 2005 жылы ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің жетекші маманы болып бастаған.

    Әр жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, сарапшысы, бас сарапшысы, ҚР Қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі басқармасының бастығы, департамент директорының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қаржы министрлігінің өнеркәсіп, көлік және коммуникациялар бюджеті департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

    2022 жылғы 31 тамыздан бастап Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды

    Мемлекеттік наградалары

    1. Қаржы қызметінің үздігі.
    2. Мерейтойлық медальдар қазақстандық мұнайдың 120 жылдығы және қаржы Министрлігінің 100 жылдығы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері