
Мүсрепова Лязат Мұратқызы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1983 жылы 20 желтоқсанда дүниеге келген.
2008 жылы И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін "Экономика және құқық" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2011 жылы "Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ компьютерлік техника (бағдарламалар) операторы және Алматы облысы мен Алматы қаласы бойынша "Жетісу" өңіраралық көліктік бақылау" ММ жетекші маманы болып бастады.
2013 жылдан бастап "Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" ММ жетекші, бас маманы, бөлім басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың 15 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.


