
Божан Гулназ Әбдісадыққызы
Сырдария аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Божан Гүлназ Әбдісадыққызы 1971 жылы 28 қыркүйекте Тереңөзек ауданы, Қазақ ССР-нің 50 жылдығы атындағы совхозда (қазіргі Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылында) дүниеге келген.
1978-1988 жылдары осы ауылдағы №132 Э.Тельман (қазіргі Т.Айтбаев атындағы) мектепте оқып, 10 жылдықты бітірген.
Отбасылы, бір ұл тәрбиелеп отыр.
Еңбек жолы:
1988-1989 жылдары Н.Ілиясов ауылында жұмысшы.
1989 жылы Қызылорда қаласындағы медициналық училищеге түсіп, 1991 жылы сестралық ісі бойынша бітірді.
1991 жылы Н.Ілиясов селолық ауруханасында медсестра болып жұмыс істеген. Осы жылдың желтоқсан айында Тереңөзек аудандық ауруханасына ауысты.
1992 жылы сырттай Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы педагогикалық институтына түсіп, 1997 жылы бітіріп шықты.
1997 жылы Тереңөзек аудандық мұрағатының І дәрежелі мұрағатшысы болып жұмыс істеген.
1998 жылдың 15 маусымында аудандық мәслихаттың жетекші маманы болып жұмысқа қабылданған.
2003 жылдың 20 мамырынан бастап осы мекемеде бас маман лауазымына ауыстыру тәртібімен тағайындалған.
2005 жылдың 24 ақпанында бөлім меңгерушісі лауазымына ауыстырылып тағайындалған.
2006 жылдың 19 мамырынан бастап казіргі уақытқа дейін аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарып келеді.
