Әжікенов Ержан Ертарғынұлы

    Сырдария аудандық мәслихат төрағасы

    Әжікенов Ержан Ертарғынұлы
    Председатель маслихата

    Әжікенов Ержан Ертарғынұлы

    Сырдария аудандық мәслихат төрағасы

    Өмірбаян

    Әжікенов Ержан Ертарғынұлы 1969 жылдың 2 қыркүйек күні Тереңөзек ауданы А.Тоқмағанбетов ауылында дүниеге келген.

    №135 А.Тоқмағанбетов атындағы орта мектепте білім алған.1986 – 1992 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының тарих және құқық пәнінің мұғалімі, 1998 - 2001 ж.ж аралығында Қызылорда экономика, экология және құқық академиясының - заңгер мамандығын, 2005 - 2007 ж.ж аралығында Қызылорда инженерлік экономикалық институтының - экономика мамандығы бойынша білім алып шыққан.

    Отбасылы, үш ұл тәрбиелеп отыр.

    Еңбек жолын 1992 жылы А.Тоқмағанбетов атындағы №135 орта мектебінде тарих және құқық пәнінің мұғалімі, директордың оқу - тәрбие ісі жөнінде орынбасары.

    2001-2002 ж.ж аралығында А.Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі.

    2002-2005 ж.ж Сырдария аудандық білім бөлімінің меңгерушісі.

    2005 - 2006 ж.ж Сырдария аудандық білім және спорт бөлімінің меңгерушісі.

    2006 – 11.02.2009 жылға дейін Сырдария аудандық білім бөлімінің бастығы.

    11.02.2009 ж.- 20.03.2016 жылға дейін Сырдария ауданы әкімінің орынбасары.

    20.03.2016 жылдан осы кезге дейін Сырдария ауданы мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері