
Сердалиева Майя Қарабатырқызы
Мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Сердалиева Майя Қарабатырқызы 1977 жылы 7 мамырды Қызылорда қ., Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазақ Басқару академиясының «экономист» және Қазақ гуманитарлық Заң университетінің «заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
1999-2000 жылдары «Тұран Әлем Банкі» ААҚ, секретарь-реферант.
2000 - 2001жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Қызылорда аймақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, бас маман.
2001 - 2003 жылдары Облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы, бас маман.
2003 - 2005 жылдары Облыстық коммуналдық меншік және жекешелендіру басқармасы, бөлім бастығы.
2005 – 2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің коммуналдық меншік және мүліктік жалдауды басқару жөніндегі бөлімнің бастығы.
2007- 2011жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік қатысуы бар заңды тұлғалармен жұмыс жасау жөніндегі бөлімнің бастығы.
2014 жылдан бастап Қызылорда облысының қаржы басқармасының мемлекеттік заңды тұлғалармен жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.





