
Шаврова Елена Николаевна
Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы
Өмірбаян
Шаврова Елена Николаевна 1971 жылы 9 шілдеде Қызылорда қаласында туылған. Алматы қаласындағы Қазақтың мемлекеттік басқару академиясының «экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1993-1994 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде экономист
1994-1996 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімінде жетекші экономист, бас маман
1996-1998 жылдары бюджет бөлімінің сектор меңгерушісі
1998-2000 жылдары бюджет бөлімінің бастығының орынбасары
2000-2005 жылдары бюджет бөлімінің бастығы
2005-2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы
2008-2013 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының бюджетті үйлестіру, жиынтық және талдау бөлімінің бастығы
2013-2020 жылдар аралығы Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары
2020 жылдың 5 маусымынан бастап Қызылорда облысының қаржы басқармасының басшысы





