
Жанабаева Қарлыгаш Шахмұхтарқызы
Бюджеттік және қаржылық есептілік бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Жаңабаева Қарлығаш Шахмұхтарқызы 1969 жылы 31 қазанда Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Аққыр совхозында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Жалағаш ауданы Аққыр совхозының жастар комсомолдық бригадасының жұмысшысы ретінде бастаған.
1991 жылы Жалағаш аудандық өкпе ауруханасының кассирі.
1991 - 2000 жылдары Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бас есепшісінің орынбасары.
2000 жылы Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бас есепшісі.
2000 - 2003 жылдары Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің тексерушісі.
2003 - 2005 жылдары Жалағаш аудандық қаржы бөлімінің бюджеттің атқарылуы және оған бақылау бөлімінің бас маман тексерушісі.
2005 - 2006 жылдары Жалағаш аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы.
2006 - 2007 жылдары Қызылорда облысының қаржы департаментінің экономиканың нақты секторы бойынша қаржылық жоспарды жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бас маманы.
2008 - 2009 жылдары Қызылорда облысы қаржы басқармасының экономиканың нақты секторы бойынша қаржылық жоспарды жүргізу және рұқсат беру бөлімінің бас маманы.
2009 - 2011 жылы Қызылорда облысы қаржы басқармасының мелекеттік ақпарат, қорғаныс, құқық қорғау органдары және экономикалық нақты секторы бойынша қаржылық жоспарды жүргізу, атқарылуына мониторнг және талдау жасау бөлімінің бас маманы болды.
2011- 2014 жылы Қызылорда облысы қаржы басқармасының бюджеттік және қаржылық есептілік бөлімінің бас маманы.
2014 ж. бастап Қызылорда облысы қаржы басқармасының бюджеттік және қаржылық есептілік бөлімінің басшысы.





