Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы

    Басқарма басшысы

    Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы
    Руководитель управления

    Сүлейменов Қуаныш Сұлтанұлы

    Басқарма басшысы

    Өмірбаян

    1979 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік унивеситетін музыка және ән пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1999 жылы Көксу ауданы Талапты орта мектебі музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған.

    Әр жылдары Талапты орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Талапты ауылдық клубының меңгерушісі, Көксу аудандық мәдениет бөлімінің бас маманы, мәдениет және спорт бөлімінің бастығы, Алматы облыстық мәдениет басқармасының жетекші маманы, бас маманы, Алматы облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры болды.

    Кейін Астана қаласында «Қазақстан» РТРК» АҚ-да және Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында түрлі жауапты қызметтер атқарды.

    2022 жылдың мамыр айынан бастап «TURKI media» ЖШС-нің директоры болды. 2023 жылдың тамызында Жетісу облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері