
Өмірбаян
1956 жылы Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданы Маловодное ауылында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қаласындағы зоотехникалық малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1982 Еңбекшіқазақ ауданында Киров атындағы совхоздың бас зоотехнигі ретінді бастады. 1987-1999 жылдары Алматы облысы Балхаш ауданында «Қазанның 50 жылдығы» совхозында зоотехник, совхоз директорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 2000-2002 жылдары «Алтын құм» демалыс базасы директорының орынбасары, 2002-2005 «Қалажылукоммунэнерго», «Қапшағайжылу» мекемелерінің, директоры, 2005-2013 жылдары Заречный ауылының әкімі болды. 2014 жылдан бастап кәзіргі уақытқа дейін «Қапшағайжылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның директоры.





