
Бекишев Самат Булатбекович
Жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылым бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1985 жылы 25 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келді.
1992-2002 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы К. Ворошилов атындағы №3 гимназияда оқыған.
2002-2007 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы Қызылорда инженерлік-экономикалық Институтының инженерлік факультетінде "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандығын оқыған.
2006-2008 жылдары аралығында Атырау облысындағы Құлсары қаласында "Kentech Group Limited" ЖШС-де Техникалық қауіпсіздігінің байқаушысы қызметінде жұмыс атқарды.
2008 жылы Қызылорда қаласындағы бір жолғы талондар бойынша кірістер жинау мемлекеттік мекемесінде бас инспектор болып жұмыс атқарған.
2011-2013 жылдары аралығында Қызылорда қаласында "Сыр Жарығы" ЖШС-де заңды тұлғалар бойынша жетекші инженер, Тұтынушылармен жұмыс істеу бойынша бас инженер.
2013-2015 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы "ГАГАНАЗ" ЖШС-де директордың орынбасары болып қызмет атқарған.
2015-2023 жылдары аралығында Қызылорда қаласы С. Бейбарыс көшесі №1 мекенжайындағы "Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" КММ-де бас инспектор, әдіскер ретінде қызмет атқарды.
2023 жылдан бастап Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің бас маманының м.а болып тағайындалған.
2023-2024 жылдары аралығында Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің бас маманы ретінде қызмет атқарған.
2024 жылдан бастап Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі және көлік инфрақұрылымы бөлімінің басшысы.


