
Қуатбекова Гүлмира Даутқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Гүлмира Даутқызы Қуатбекова 1975 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысы Ақсу ауданы Жансүгіров кентінде дүниеге келген. Білімі жоғары. Жетісу экономикалық институтын Экономист – бухгалтер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы "Молочное" шаруа қожалығында бастады, әр жылдары еңбек биржасының бас маманы , Кеңғарын ауылындағы бас бухгалтер, Алматы облысы Ақсу ауданындағы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының бас маманы, Алматы облысы Целинный ауылындағы Ескелді ауданы Ш. Уәлиханов атындағы ОМ Бас бухгалтері болып жұмыс істеді.
2006 жылдан 2022 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының түрлі бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, басшы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың 12 шілдесінен бастап Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қаржыландыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды





