
Оспан Айдын Талғатұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Жетісу облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бөлім басшысы
1989 жылы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін - қаржы мамандығы бойынша бітірген.
2007 жылдан 2008 жылға дейін қаржы қамтамасыз ету бөлімінің инспекторы, 2009 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің бюджетті атқару бөлімінде жетекші қазынашы, бас қазынашы.
2012 жылдың сәуір айынан бастап Алматы облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы, кейін стратегиялық жоспарлау және талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2022 жылдың шілде айынан бастап Жетісу облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау және экономиканы талдау бөлімінің басшысы.





