
АЙТАҚОВ Жарылқасын Әбдіғапарұлы
Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы
Өмірбаян
Айтақов Жарылқасын Әбдіғапарұлы 1962 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Жаңа Талап ауылында дүниеге келген. 1985 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын инженер-механик, 2004 жылы Тараз мемлекеттік университетін заңгер және 2007 жылы Әулие-Ата университетін педагогика және психология пәндерінің оқытушысы, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1985 жылы Ресей Федерациясы, Калуга облысындағы Кондров жылжымалы-механикаландырылған колоннасында учаске механигі болып бастаған.
1985-1990 жылдары Жуалы ауданы «Бурное №15» кәсіптік техникалық училищесінде оқытушы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
1990-1992 жылдары Жуалы аудандық комсомол комитеті¬нің бірінші хатшысы;
1992-1995 жылдары Жуалы аудандық әкімшілігінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі;
1995-2008 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2008-2010 жылдары Жуалы ауданы әкімінің орынбасары болған.
2010-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде болған. Кейіннен Жуалы аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқарған.
30.01.2014 - 20.06.2017 жылдары Т.Рысқұлов ауданының әкімі;
27.06.2017 - 30.04.2019 жылдары Жамбыл облысы тексеру комиссиясының төрағасы;
24.04.2019 - 10.06.2020 жылдары аралығында Шу ауданының әкімі.
21.07.2021 - 2022 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.
2022 жылдың 27 шілдесінен бастап Жамбыл облысы еңбек инспекциясы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
