
Сейдалиев Нуркен Муратович
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Сейдалиев Нуркен Муратович 1980 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ.
Білімі жоғары. 2001 жылы Д.А.Қонаев атындағы университетін "Заңгер" мамандығымен бітірген
2001-2005 жылдары Маңғыстау облыстық прокуратурасында қызмет атқарған.
2006-2008 жылдары ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасының құқықтық және ұйымдастыру жұмысы бөлімінде бөлім басшысы ретінде қызмет атқарған.
2008-2011 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маман қызметін атқарған.
2011-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас инспекторы қызметін атқарған.
2015-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2017-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының құқық қоғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы қызметін атқарған.
2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметті дамыту бөлімі бас инспекторы.
2019-2022 жылдар Жамбыл облысы әкімінің аппаратының өңірлік бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарған.
2022 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысының орынбасары – мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқаруда.
