
Тәшімов Ерлан Бекенбайұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1985 жылы 24 қазанда Солтүстiк Қазақстан облысы Есiл ауданы Гурьяновка ауылында дүниеге келген. 2009 жылы М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн экология мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2005 жылы «Орлиногор мемлекеттiк орман мекемесi» ММ қорықшы лауазымынан бастады.
2007 жылдан 2009 жылға дейiн «Есiл мемлекеттiк орман мекемесi» ММ орманшының көмекшiсi лауазымында жұмыс iстедi.
2009 жылдан 2012 жылға дейiн СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында инспектор-эколог болып қызмет атқарды.
2012 жылдан 2021 жылға дейiн экологиялық сараптама бөлiмiнiң бас маманы, кейiн жануарлар дүниесi және балық ресурстары бөлiмiнiң басшысы болып жұмыс iстедi.
2021 жылғы желтоқсаннан бастап СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.
