Еспаев Асылхан Алмасханович

    Әкім орынбасары

    Еспаев Асылхан Алмасханович
    Первый заместитель акима

    Еспаев Асылхан Алмасханович

    Әкім орынбасары

    Өмірбаян

    Еспаев Асылхан Алмасханұлы 1981 жылы дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін Алматы экономика және статистика академиясына оқуға түседі. Оны 2006 жылы «бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша аяқтап шығады.

    Алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласы әкімдігінің ішікі саясят бөлімінде бастап, 2009-2013 жылдары аралығында әртүрлі лауазымында басқарушы қызмет атқарған.

    2013 жылы «Арена S» ЖСШ-ның директоры, 2015 жылы Алматы қаласының Әуезов аудандық «AMANAT» (бұрынғы «Нұр Отан») партиясы филиалының төрағасының кеңесшісі болған.

    2016-2021 жылдары «Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының» ведомствалық мекемелерінде директордың орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

    2021-2022 жылдары Шымкент қаласы және Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларына қарасты ведомствалық мекемелерде директордың орынбасары, директор лауазымдарында қызмет атқарған.

    2023 жылы Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2023-2024 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы ретінде жұмыс істеген.

    2024-2025 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы ретінде жұмыс істеген.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері