Өмірбаян
Атчабаров Рустам Әмірғалиұлы – 1978 жылы Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ауылының тумасы. 2004 жылы Алматы қаласында Экономика және құқық академиясын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылдың наурызында Іргелі ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметінен бастаған.
2006-2009 жылдары Қарасай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрмен жұмыс бөлімінде жұмыс істеді.
2009-2011 жылдары Жамбыл ауданы әкімі аппаратының және Қарасай ауданы әкімі аппаратының басшысы болып еңбек етті.
2011-2016 жылдары ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болды. 2016 жылдың сәуір айынан осы уақытқа дейін Алматы облысы әкімінің аппаратында қызмет атқарды.
2023 жылдың қаңтар айынан бастап – Қарасай ауданы әкімінің орынбасары.

