
Жамиева Мөлдір Ерболатқызы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1998 жылғы 30 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2020 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Тарих» мамандығы бойынша аяқтап, гуманитарлық ғылымдар бакалавры академиялық дәрежесін алды.
2021 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасы бойынша бизнес және басқару магистрі академиялық дәрежесі берілді.
Еңбек жолын 2021 жылғы қыркүйек айында «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бастады.
2022 жылғы қазан айынан 2024 жылғы ақпанға дейін «Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасы» ММ қоғамдық-саяси жағдай және идеологиялық жұмыс бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2024 жылғы 21 ақпаннан бастап «Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы» ММ қоғамдық-саяси жағдайды мониторингтеу және азаматтық сектордың жұмысын ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
2025 жылғы 18 маусымда «Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасы» ММ Мемлекеттік рәміздерді насихаттау және идеологиялық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.




