
Руководитель отдела
Ілияш Нұржан Ағыбайұлы
Бөлім басшысы
Өмірбаян
1979 жылғы 15 наурызда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген.
1999 жылы тарих мамандығы бойынша Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, тарих және әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы. Құқықтану мамандығы бойынша екінші білімі бар.
Еңбек жолын 1999 жылы Қарқаралы ауданының №23 орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
2005-2013 жылдар аралығында әртүрлі уақытта Қарқаралы қаласының білім және спорт бөлімінде, Д.А.Қонаев атындағы университетте, «Гелиос» ЖШС-інде жұмыс істеген.
2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік рәміздерді насихаттау және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру бөлімінің басшысы болып тағайындалды.




