
Өмірбаян
Жамбыл Алғадай Жамбылұлы 1989 жылы 29 қаңтарда дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген. Білім бакалавры.
01.12.2009-29.01.2016 - Жаттықтырушы, Тасқала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
29.01.2016-04.10.2016 - Методист, Тасқала аудандық мәдени-ойын-сауық және спорт клубы
05.10.2016-14.03.2019 - Директор, Тасқала аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебі
18.03.2019-24.06.2019 - Шежін ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы
24.06.2019-13.02.2023 - Шежін ауылдық округінің әкімі
13.02.2023 жылы Тасқала ауылдық округінің әкімі болып сайланды




