Сейдалин Нұрлан Абайұлы

    №17 сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты

    Сейдалин Нұрлан Абайұлы
    Депутат маслихата

    Сейдалин Нұрлан Абайұлы

    №17 сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1993 жылы 20 мамырда Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген.

    2014 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін Стандарттау, метрология және сертификаттау (бакалавр) мамандығы бойынша бітірген.

    2015 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін Құқықтану (құқық магистрі) мамандығы бойынша бітірген.

    2017 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірді, мамандығы – Мемлекеттік және жергілікті басқару (экономика және бизнес магистрі).

    Еңбек жолын 2011 жылы «Сейнур фирмасы» ЖШС коммерциялық директоры болып бастаған.

    2015 жылдан 2016 жылға дейін - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ жетекші маман-мемлекеттік инспекторы.

    2016 жылдан 2018 жылға дейін – «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ мемлекеттік бақылау бөлімінің бас маманы-мемлекеттік инспекторы.

    2018 жылғы шілде-қазан аралығында- «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің басшысы.

    2018 жылдан 2020 жылға дейін – «Ақмола облысының туризм басқармасы» ММ Халықаралық байланыстар және турпотенциалды ілгерілету бөлімінің басшысы.

    2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - Көкшетау қаласындағы «Сейнур» фирмасы» ЖШС Бас директорының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері