
Нұрымова Зәуреш Олжабайқызы
№ 14 сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1965 жылы 24 қарашада Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласында дүниеге келген.
1988 жылы Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2014 жылы А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірді. Экономика және бизнес магистрі ғылыми дәрежесі бар.
1988 жылдан 1990 жылға дейін Еңбекшілдер ауданы Краснофлот орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
1990 жылдан 1994 жылға дейін Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласындағы №1 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі.
1994 жылдан 2001 жылға дейін – «Еңбекшілдер ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы.
2001 жылдан 2005 жылға дейін – «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ консультанты.
2005 жылдан 2007 жылға дейін – «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік жұмыс бөлімінің бас маманы
2007-2009 жылдары – «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі.
2009 жылдан 2010 жылға дейін – «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті» ММ бас сарапшысы, Көкшетау қаласы.
2010 жылдан 2012 жылға дейін әдістемелік жұмыс секторының бас маманы, ұйымдастыру-кадр жұмысы секторының меңгерушісі, содан кейін «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2012 жылы «Көкшетау қаласының білім бөлімі» ММ басшысы лауазымына тағайындалды.
2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін-Ақмола облысы «Нұр Отан» партиясы Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», 2015 ж., «Астанаға 20 жыл», 2018 ж., «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», 2020 ж. мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
2016 жылдан 2020 жылға дейін Көкшетау қаласы мәслихатының 6 шақырылымының депутаты болды.
2021 жылдың 15 қаңтарынан бастап Көкшетау қаласы мәслихатының 7-ші шақырылымының депутаты болған.
2023 жылдың наурыз айынан бастап Көкшетау қаласы мәслихатының 8-ші шақырылымның депутаты болып сайланды.




