
Жүсіпов Мереке Ертайұлы
№1 сайлау округі бойынша Көкшетау қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
1970 жылы 26 наурызда Көкшетау облысы Красный Яр ауылында дүниеге келген.
1993 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын дене шынықтыру оқытушысы мамандығы бойынша бітірген.
2001 жылы Қарағанды «Фемида» заң академиясын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.
2017 жылы – А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша бітірді.
1988 жылдан 1989 жылға дейін КСРО Қарулы Күштері қатарында қызмет етті.
1993 жылдан 1994 жылға дейін-ҚР ҚМ ӘОСК спорт ротасының спортшысы (Алматы қ.).
1995 жылдан 1998 жылға дейін - ҚР ҚМ СК-ЦСКА спорт ротасының спортшысы.
2000 жылдан 2001 жылға дейін-ҚР ІІМ «Динамо» Ақмола облыстық ұйымы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы.
2001-2002 жылдары-Ақмола облысы ІІБ кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2002 жылдан 2003 жылға дейін - Ақмола облысы ІІББ тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2003 жылдан 2005 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар агенттігі КТИ сырттай оқыту факультетінің аға оқытушы–әдіскері.
2005 жылдан 2007 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтының жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы.
2007 жылғы қаңтар-сәуір аралығында-ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институты саптық бөлінісінің курс бастығы.
2007 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ТТИ жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы кафедрасының бастығы.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық - құтқару жұмыстары қызметі» ММ Бұланды ауданының №8 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.
2018 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ кәсіби даярлау мектебінің бастығы.
2018 жылғы желтоқсаннан 2020 жылғы мамырға дейін – ҚР ҚМ СК-ЦСКА спорт комитеті төрағасының орынбасары-оқу-жаттығу орталығының бастығы (Ақмола облысы, Щучинск қ.филиалы).
Спорттық атақтар:
- Бокстан халықаралық дәрежедегі спорт шебері
- Қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы
- Жоғары санатты жаттықтырушы, 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы.
Спорттық жетістіктер:
- КСРО Қарулы Күштерінің - 1988-1989 жж., халықаралық турнирлердің чемпионы: Алмата - 1989 жыл, Финляндия - 1989 жыл, Тунис - 1991 жыл, Шымкент - 1992 жыл, Екатеринбург - 1993 жыл, Қырғыз Республикасы - 1995 жыл, кикбоксингтен ТМД чемпионатының Беларусь Республикасы - 1993 жыл.
- Күміс жүлдегер: Бокстан КСРО чемпионатының - 1991 жылы, КСРО кубогының - 1987, 1991 жылдары, бокстан ТМД чемпионатының - 1992 жылы, КСРО халықтары спартакиадасының-1991 жылы.
- Қола жүлдегер: КСРО чемпионаты - 1990 жыл, КСРО Кубогы - 1990 жыл, ТМД кубогы - 1992 жыл, Болгариядағы Достық армия спартакиадасы-1989 жыл.
Қоян-қолтық ұрыс бойынша бапкерлік жұмыс
- 2007 жыл - қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионаты Өзбекстан Республикасы-екі алтын медаль.
- 2009 жыл - Астана қаласының Азия чемпионаты-сегіз алтын медаль.
- 2010 жыл-Филадельфия қаласының Әлем Кубогы-бес алтын медаль.
- 2011 жыл-Мәскеу қаласының Әлем чемпионаты-үш алтын медаль.
- 2011 жыл-Ақтөбе қаласының Азия чемпионаты-жеті алтын медаль.
- 2012 жыл-Еуропа чемпионаты-үш алтын медаль.
- 2012 жыл-Алматы қаласының Әлем чемпионаты-төрт алтын медаль.
- 2013 жыл-Мәскеу қаласының Әлем чемпионаты-үш алтын медаль.
- 2013 жыл-Нальчик қаласының Азия чемпионаты-үш алтын медаль.
- 2015 жыл-Мәскеу қаласының Әлем чемпионаты-бір алтын медаль.
- 2016 жыл-Еуропа чемпионаты Чехия-бес алтын медаль.
- 2017 жыл-Мәскеу қаласының Әлем чемпионаты-төрт алтын медаль.
- 2018 жыл-Еуропа чемпионаты Минск-екі алтын медаль.




