
Есжан Нұрәкім Есенбайұлы
Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
22 мамыр 1961 жылы Алматы облысы,Ұйғыр ауданы Дардамты ауылында дүниеге келген. 1980-1982 жылдары әскери қызмет атқарды. 1980 жылы Алматы қаласындағы №19 техникалық училищесін, 1988 жылы Өскемен жол – құрылыс институтын «автомобиль жолдары» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1977 жылы ХХІІІ партсъезд атындағы ұжымшарында колхозшы болып бастаған. 1983 - 1988 жылдары Алматы қаласындағы №2 АРО зауытының жұмысшысы, 1988-1990 жылдары №86 жол құрылыс басқармасының жұмысшысы, шебері, инженері, 1990-1993 жылдары ХХІІІ партсъезд атындағы ұжымшарының заңгері, экономисі, 1993-1995 жылдары «Бірлік» ұжымшарының бас экономисі, 1995-1999 жылдары «Ақжол-26» шаруа қожалығының есепшісі, 1999-2000 жылдары Дардамты ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2000-2007 жылдары Дардамты ауылдық округінің әкімі, 2007-2012 жылдары «Нұр Отан» ХДП-нің Ұйғыр аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Ұйғыр аудандық мәслихатының төрағасы.
