Сембаев Дулат Булатович

    Руководитель аппарата Текелийского городского маслихата

    Сембаев Дулат Булатович
    Руководитель аппарата

    Сембаев Дулат Булатович

    Руководитель аппарата Текелийского городского маслихата

    Өмірбаян

    1988 жылы 15 қаңтарда Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.

    2010 жылы Алматы энергетика және байланыс институтын «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Техникалық және технология магистрі» біліктілігі бойынша Алматы энергетика және байланыс университетін , 2017 жылы «экономика және бизнес бакалавры» біліктілігі бойынша И. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2011 жылы «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы филиалының 4-разрядты электр монтері болып бастады.

    2011-2014 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ филиалдарында 5-разрядты электромонтер, электрик, инженер-сервис қызметтерін атқарған.

    2014-2016 жылдар аралығында «Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы және коммуналдық шаруашылық секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    2016-2017 жылдар аралығында «Көксу ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы.

    2017-2018 жылдар аралығында «Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ энергия және отынмен қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы.

    2018-2019 жылдар аралығында «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

    2019-2020 жылдар аралығында «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің басшысы қызметін атқарған.

    2020-2021 жылдар кезеңінде «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы.

    2021 жылдың маусым айынан бүгінгі күнге дейін «Текелі қалалық мәслихатының аппараты» ММ аппарат басшысы қызметін атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері