
Тугулбаев Бауыржан Ертаевич
Текелі қалалық мәслихатының төрағасы
Өмірбаян
1971 жылы 16 ақпанда Текелі қаласында дүниеге келген.Еңбек жолын 1988 жылы "Талдыкорганская база Казахторга" жүк тиеуші болып бастады. 1989 жылы әскерге шақырылуына байланысты жұмыстан шықты. Әскерден кейін Текелі қаласындағы ТПАТП-10 жолаушылар көлігі
кәсіпорнында қалааралық рейстерде автобус жүргізушісі болып жұмыс істеген. І.Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін
бітіргеннен кейін Талдықорған кеден басқармасының кеден инспекторы қызметін атқарды.1997 жылы штаттың қысқаруына
байланысты кедендегі қызметінен кетті. 1999 жылдан Текелі қаласының No5 орта мектебінде БӘД мұғалімі болып жұмыс істеді.
2004 жылы Текелі қаласындағы «Абдрахманов» ЖШС автомобиль өнеркәсібіне оқытушы-нұсқаушы болып ауысты.
2006 жылдан 2008 жылдың қарашасына дейін «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы қызметін атқарды. 2008 жылдың 1 желтоқсанында Текелі қаласындағы No7 орта мектептің директоры болып тағайындалды.
2009 жылы отбасылық себептермен жұмыстан шықты.2009-2012 жылдар аралығында «Текелі кондитерлік фабрикасы» ЖШС директоры қызметін атқарған.
2012-2022 жылдар аралығында «Текелі қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметін атқарған.
2022-2023 жылдары Текелі қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Үйленген, төрт баласы бар.
