
Оразбай Мұрат Асқарұлы
Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысы
Өмірбаян
1990 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген .
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, Қазтұтыну одағы Қарағанды университетін бітірген, мемлекеттік және жергілікті басқару бакалавры, сертификатталған мемлекеттік аудитор
Президенттік жастар кадр резерві мүшесі.
Жұмыс тәжірибесі
2011 - 2020 жылдары Қарағанды облысы бойынша Тексеру комиссиясында жетекші маман – бақылаушы-ревизор, бас маман – бас бақылаушы-ревизор, бас маман – мемлекеттік аудитор, бас инспектор - мемлекеттік аудитор
2020 жылда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Ішкі аудит департаменті директорының орынбасары – мемлекеттік аудитор
2020 - 2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Экономикалық бөлімінің бас консультанты
2021 - 2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімі Қаржы нарығы және мемлекеттік сатып алу секторының меңгерушісі
2022 - 2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты
2023 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің инспекторы
2023 - 2024 жылдары – Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің инспекторы
2024 -2025 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті төрағасының орынбасары
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы





