
Аманғалиев Еркеғали Аманғалиұлы
Созақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы
Өмірбаян
Мен Аманғалиев Еркеғали Аманғалиұлы 1978 жылы 14 маусымда Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында жұмысшы отбасында дүниеге келдім.
1985 жылы Шолаққорған ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне бірінші сыныбына бардым. Аталған мектепті 1995 жылы ойдағыдай бітіріп, сол жылы Шымкент қаласындағы қазақ химия-технологиялық институтының «химия-технологиялық процестері мен кибернетика» факультетіне түстім.
2000 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің инженер-электрик мамандығы бойынша тәмамдадым.
2018 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетінің «экономика» мамандығын алдым.
Еңбек жолымды 2001 жылы Созақ аудан әкімі аппараты аумақты дамыту және кадрлар жұмысы жөніндегі бөлімінің бас маманы болып бастадым.
2001-2005 жылдар аралығында аудан әкімі аппараты қоғамдық саяси бөлімінің бас маманы.
2005-2011 жылдар аралығында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмысы бөлімінің бас маманы.
2011-2012 жылдар аралығында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімшесінің жетекшісі.
2012 жылы Созақ аудандық мәслихат аппаратының тұрақты комиссиялар бөлімінің меңгерушісі.
2012 жылдың тамыз айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Созақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы қызметін атқарып келемін.