
Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы
Аудандық мәслихат төрағасы
Өмірбаян
Жәмиев Ордабек Мырзабекұлы, 12.11.1974 ж. Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Қарақұр ауылында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясына түсіп 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінің «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. 2010 жылы Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша диплом алған.
Еңбек жолын 15.11.1991 – 08.10.1993 жылдары. Созақ ауданы, Энгельс атындағы совхозда шопан көмекшісі.
07.08.1995 – 12.10.1996 жылдары Созақ ауданы, Энгельс совхозы, Алтынтау шаруа қожалығында қоймашы
12.08.1999 – 07.05.2001 жылдары Алтынтау шаруа қожалығының мүшесі.
11.07.2002 – 15.03.2008 жылдары. Созақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы. Шолаққорған ауылы.
01.04.2008 жылдан– 29.03.2023 жылға дейін Созақ ауданы, Қарақұр ауылдық округі әкімі.
2023 жылдың 30 наурызынан бастап Созақ аудандық мәслихатының төрағасы қызметін атқарып келеді.