
Идрышева Жанар Муффлинқызы
«Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме директоры
Өмірбаян
Идрышева Жанар Муффлинқызы 1972 жылы 21 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Ұлты-казақ. Қазақстан Республикасының азаматы. Білімі –жоғары.
2000 -2005 жылдары О.Бөкей атындағы қазақ орта мектеп - интернатында тәрбиеші, одан кейін интернат меңгерушісінің міндетін атқарушы болып қызмет атқарды.
2002- 2007 жылдары С.Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогика факультеті, педагогика және бастауыш білім беру әдістемесі, бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алды.
2007-2008 жылдары О.Бөкей атындағы орта мектепте даярлық сыныбының мұғалімі болып жұмыс істеді.
2008-2009 жылдары «Ақбота »балабақшасында даярлық сыныбының тәрбиешісі қызметін атқарды.
2009 -2011 жыл С.Аманжолов атындағы ШҚМУ филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алды.
2009 жылдың 9 ақпанынан бастап қазіргі күнге дейін тілдерді оқыту орталығының директоры қызметін атқарады.
Жанар Муффлинқызы 2015 жылы ҚР Президентінің сайлауына белсене қатысқаны үшін «Нұр Отан» партиясының төрағасы, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың және облыс әкімі Д.Ахметовтың атынан алғыс хатпен, сонымен қатар мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін ШҚО бойынша тілдерді дамыту басқармасы басшысының, Глубокое ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының алғыс хаттарымен, «Тіл-парасат» медалімен марапатталды.