
Жұмасат Мақсат Ерболатұлы
Қарақия ауданы әкімінің аппарат басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл
Өмірбаян
1997 жылы, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, «Каспий» университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша аяқтаған.
2019 -2022 ж.ж. Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығында маман.
2022 жылы «Құрық ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде бас маман.
2022 -2024 ж.ж. Қарақия ауданы әкімі аппаратының, ұйымдастыру-бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің бас маманы.
2024 жылдың маусым - желтоқсан айы аралығында Қарақия ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімшесінің басшысы.
2024-2026 ж.ж. Қарақия ауданы әкімі аппаратының, ұйымдастыру-бақылау, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімшесінің басшысы қызметін атқарды.
2026 жылдың 1 қыркүйек айынан бастап Қарақия ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды.



