Қабдолданов Серік Жұмаханұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Қабдолданов Серік Жұмаханұлы
    Руководитель

    Қабдолданов Серік Жұмаханұлы

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жетісу облыстық аумақтық инспекциясының басшысы

    Өмірбаян

    Серік Жұмаханұлы Қабдолданов 1974 жылы 05 наурызда Талдықорған облысы Киров ауданы Амангелді ауылында дүниеге келді.

    1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін ветеринариялық медицина мамандығы бойынша бітірді.

    2014 жылы Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірді.

    01.09.1992 – 25.08.1993 жылдары "Самал" шағын кәсіпорнының жұмысшысы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Амангелді ауылы.

    21.10.1998 – 19.04.1999 жылдары Талдықорған қаласындағы "Шаған" базарында лаборант.

    19.04.1999 – 03.11.1999 жылдары Талдықорған қалалық ветеринариялық қадағалау бөлімінің маманы.

    03.11.1999 – 02.04.2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Талдықорған қалалық аумақтық басқармасы маманының міндетін атқарушы, Талдықорған қаласы.

    02.04.2001 – 03.07.2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Талдықорған қалалық аумақтық басқармасының бас маманы, Талдықорған қаласы.

    03.07.2003 – 03.10.2005 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Талдықорған қалалық аумақтық басқармасының бөлім бастығы, Талдықорған қаласы.

    03.10.2005 – 13.09.2006 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талдықорған қалалық аумақтық басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы.

    13.09.2006 – 15.02.2007 жылдары Ауыл шаруашылығы министрлігінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы.

    15.02.2007 – 13.07.2007 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Көксу аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылы.

    13.07.2007 – 24.09.2009 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Көксу аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, Алматы облысы, Көксу ауданы.

    24.09.2009 – 25.01.2010 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Талдықорған қалалық аумақтық инспекциясының бастығы, Талдықорған қаласы.

    25.01.2010 – 15.02.2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы.

    15.02.2012 – 03.04.2018 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары, Талдықорған қаласы.

    03.04.2018 – 05.10.2020 жылдары Алматы облысының ветеринария басқармасының басшысы, Талдықорған қаласы.

    05.10.2020 - 2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Талдықорған қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері