
Салқынбаев Мұқанбетжан Бекмұрзаұлы
Шиелі аудандық мәслихат депутаты
Өмірбаян
Салқынбаев Мұқанбетжан Бекмырзаұлы, 18 ақпан 1969 жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында дүниеге келген. Бидайкөл ауылының тұрғыны. Бидайкөл ауылында орналасқан №148 орта мектепті 1986 жылы бітіріп, 1986 – 1993 жылдар аралығында В.И. Ленин атындағы Қазақ Политехникалық Институтында оқып, Кен орындарын барлау технологиясы мен техникасы инженері мамандығын алып шыққан
Еңбек жолын 1993 жылы қазан айында, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қазатомөнеркәсіп Ұлттық Атом Компаниясына қарасты «№6 Кен басқармасы» филиалының, №1 жер асты сілтілендіру кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі болып бастаған. Ары қарай, 1993-2010 жылдар аралығында осы «№6 Кен басқармасы» ЖШС-де геотехнологиялық ұңғымаларды жөндеу операторынан бастап геотехнологиялық алаң басшысының орынбасары, «Иіркөл» кенішінің геотехнологиялық алаң басшысына дейін, өзінің тындырымды, атқарған тірлігімен білімінің арқасында мансабы көтерілді.
2011-2017 жылдар аралығында Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Семізбай-U» компаниясына шақырылып, «Семізбай» кенішінің бас инженері, директоры болып қызмет атқарды.
2017 жылдың ақпан айында Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Семізбай-U» «Иіркөл» филиал директоры болып тағайындалды.





